Венесуэла БҰҰ-дан көмек сұрады

Сыртқы істер министрі БҰҰ-нан шекарасындағы Колумбия қарулы топтарымен күрес үшін көмек сұрады.

1616413
Венесуэла БҰҰ-дан көмек сұрады

Венесуэла Сыртқы істер министрі Йорге Арреаза БҰҰ-нан шекарасындағы Колумбия қарулы топтарымен күрес үшін көмек сұрады.

Арреаза Каракаста баспасөз брифингін ұйымдастырды. Ол қарулы топтардың Венесуэла жағына төсеген миналарын анықтау және жойылуы тақырыбында БҰҰ Мина қызметінен көмек сұрағандарын айтты. Сыртқы істер министрі Венесуэла қарулы күштерінің аймақты минадан тазалау тақырыбында мәліметі бар және дайын екенін, алайда технология жетіспейтінін білдірді.

Министр БҰҰ-дан Колумбиялық қарулы топтардың қай жерде жасырынғанының анықталуы үшін тексеру бастауын да талап етті. Ол Колумбия мемлекет басшысының да осы топтарды қорғап отырған болуы мүмкін екенін алға тартты.

Венесуэла министрі Венесуэла мен Колумбияның шекарасында дағдарысқа байланысты бірге жұмыс істеу үшін араларында тікелей байланыс каналы құрылуы үшін де БҰҰ-нан көмек сұрады. Ол екі елдің мемлекеттік органдары арасында координацияның өте төмен екенін тілге тиек етті.

Шекараға жақын аймақтарда өмір сүретін бес мыңнан астам Венесуэла азаматының қақтығыстар салдарынан үйлерін тастап, Колумбияға өтіп кеткені белгілі.



Ұқсас жаңалықтар