Солтүстік Кореяда еш коронавирус жоқ
Ел лауазым иелері ДДСҰ-ға осылай білдірді.

Солтүстік Корея Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына елде коронавирус анықталмағанын білдірді.
Олар вируспен күресті «ұлттық мәселе» деп атады. Солтүстік Корея лауазым иелері ДДСҰ-ға бір есеп жіберіп, ел көлемінде ешбір коронавирус оқиғасы тіркелмегенін білдірді.
ДДСҰ-ның Солтүстік Кореядағы өкілі Эдвин Салвадор эпидемия басталғаннан бері ел көлемінде 23 мың 121 адамға сынама жасалғанын, ешбір позитив оқиға тіркелмегенін хабарлады. Елде коронавирус күдігімен қанша кісінің карантинге жатқызылғаны туралы мәлімет берілмеді.
Солтүстік Корея кеше спортшыларын коронавирус эпидемиясынан қорғау үшін Токио олимпиадасына жібермейтінін жариялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Орыс әскери кемелері Қаратеңізде жаттығуларын бастады
Жаттығуға Ресейдің Қырымдағы Қаратеңіз флоты құрамындағы кемелер мен тікұшақтар қатысуда.