"Ковид-19"-дың жүйке және психологиялық аурулармен байланысы

Әрбір 3 адамның біреуі жүйке немесе психологиялық ауруға ұшыраған.

1616490
"Ковид-19"-дың жүйке және психологиялық аурулармен байланысы

Жаңа типтегі коронавирусқа (Ковид-19) шалдыққан әрбір 3 адамның біреуі жүйке немесе психологиялық ауруды бастан кешуде.

Америка Құрама Штаттары жариялаған және 236 мың адам тексерілген зерттеуге қарағанда, ковид-19 эпидемиясына шалдыққандардың 34 пайызы алты айлық мерзімде жүйке немесе психологиялық ауруға ұшыраған.

Науқастардың 17 пайызында «ақыл-ойдың бұзылуы» жиі кездессе, 14 пайызына «көңіл-күйдің бұзылуы» диагнозы қойылған. Ковид-19 салдарынан ауруханаға түскендерде көбінесе жүйке ауруы тіркелген.

Ковид-19 инфекциясы анықталған әрбір 50 адамның біреуінде мидың қан тамырларының тарылуы немесе бітелуі салдарынан қан ағымының төмендеуіне байланысты «қыспа талу» (инсульт) байқалды.

Зерттеулер Lancet Psychiatry медициналық журналында жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар