Нигерияда тырысқақ індетінен 24 кісі қайтыс болды

Нигерияда безгек, полиомиелит, іш сүзегі, маймыл аусыл вирусы сияқты аурулар жиі кездеседі.

1615202
Нигерияда тырысқақ індетінен 24 кісі қайтыс болды

Нигерияның оңтүстігіндегі Байелса уәлаятында байқалған тырысқақ індеті себепті 24 кісі қайтыс болды.

Ұлттық баспасөздің хабарына қарағанда Байелса уәлаятының Денсаулық сақтау басшысы уәлаяттың түрліше аймақтарында 200 адамда тырысқақ індеті анықталғанын хабарлаған.

Тырысқақты жұқтырған 24 кісі қайтыс болған, індет байқалған аймақтарға шұғыл дәрі-дәрмек пен медициналық материалдар жолданған.

Нигерияда таза ауыз судың жетіспеуі және медициналық материалдардың тапшылығы, кезінде сақтық шараларының жасалмауы жұқпалы аурулар мен өлім қаупін арттырып отыр. 

Елде безгек, полиомиелит, іш сүзегі, маймыл аусыл вирусы сияқты аурулар жиі кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар