Facebook жайлы зерттеу басталды

Хабарда жарияланған мәліметтер арасында телефон номерлері, мекенжайлар, туған күн, электрондық почта қатарлылар бар екені жазылды.

1615265
Facebook жайлы зерттеу басталды

Жеке Деректерді қорғау кеңесі әлеуметтік медиа желісі Facebook жайлы қолданушы деректерін әшкерелеу себепті ресми зерттеу бастады.

Жеке деректерді қорғау кеңесі әлеуметтік медиа желісі "Facebook 533 миллион қолданушысының деректерін бір хакерлік платформасында ақысыз бөлісті" деген хабарға орай тақырыпты күнтәртіпке әкелді.

Кеңес жиналысында Facebook жайлы  ресми зерттеу бастауға шешім қабылданды.

"Business Insider" интернет парақшасының хабарында осы хакерлік платформасында 106 елден 533 миллион Facebook қолданушысының телефон номерлері мен жеке деректерінің ақысыз бөлісілгені білдірілген болатын.

Жарияланған жекеменшік мәліметтердің 32 миллионнан астамы АҚШ-тан, 11 миллионнан астамы Біріккен Корольдіктен, 6 миллионнан астамы Үндістаннан екені білдірілген хабарда жарияланған мәліметтер арасында телефон номерлері, мекенжайлар, туған күн, электрондық почта қатарлылар бар екені жазылды.

Қауіпсіздік мамандары мәліметтердің компьютер қарақшылары тарапынан алаяқтық  үшін қолдану мүмкіндігі жөнінде ескерту жасады.    



Ұқсас жаңалықтар