Францияда кейбір саясатшылар эпидемия шараларын бұзумен айыпталуда

Бір француз телеарнасы кейбір министрлер мен депутаттардың ковид-19 шектеулерін бұзғанын алға тартты.

1614747
Францияда кейбір саясатшылар эпидемия шараларын бұзумен айыпталуда

Францияда кейбір министрлер мен депутаттардың заңсыз жұмыс істейтін люкс ресторандарда тамақ ішіп, жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) шектеулерін бұзғанын алға тартты.

Француз «M6» телеарнасы министр мен депутаттардың бас қала Парижде заңсыз түрде жұмыс істейтін люкс ресторанда тамақ ішкенін алға тартты.

Телеарна жасырын түсірген бейнекөріністе, шектеулер себепті тек қана пакетпен үйге жеткізіп беру қызметін көрсетуге тиісті ресторандағы  даяшылар мен клиенттер маскасыз екені байқалады.

Сондай-ақ бір адам бұл апта ішінде бұл люкс ресторандардың бірнешесінде кейбір министрлер мен депутаттармен тамақ ішкенін білдірді.

Париж полиция департаменті аталмыш айыптаулар бойынша тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар