Әлемде вакцинация

Халқының санына сәйкес әрбір 100 адамда ең көп вакцина салынған ел Израиль болды.

1613668
Әлемде вакцинация

Әлем көлемінде коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатымен 610 миллион дозадан көп вакцина салынды.

Халқының санына сәйкес әрбір 100 адамда ең көп вакцина салынған ел Израиль болды. Қазірге дейін салынған доза саны ел халық санынан асқан Израильде әрбір 100 кісіге шаққанда доза саны 116,18 болды.

Осы елден кейін 103, 8 дозамен Шейселдер, 84,84 дозамен Біріккен Араб Әмірліктері,  56,29 дозамен Чили,  52,53 дозамен Ұлыбритания,  46,7 дозамен Монако,  45,94 дозамен Америка Құрама Штаттары,  45,56 дозамен Бахрейн,  44,54 дозамен Мальдивтер келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, Түркияда 16 миллион 380 мың 634 доза вакцина салынды. Түркия барлық вакцина саны тұрғысынан әлем елдері арасында алтыншы кезекте,  әрбір 100 кісіге шаққанда доза саны 19,15 болды.

9 миллион 343 мың 819 адамға алғашқы доза, 7 миллион  39 мың 815 адамға екінші доза салынды.

Вакцинаның құрлықтарға қарағанда таралымында Азия құрлығы 260 миллион 13 мың вакцинамен бірінші орында. Одан кейін 169 миллион  82 мың вакцинамен Солтүстік Америка және  128 миллион  66 мың вакцинамен Еуропа келеді.

Оңтүстік жарты шарда орналасқан құрлық пен өңірлер солтүстіктегі аймақтардан артта қалды.  Оңтүстік Америкада 39 миллион  35 мың, Африкада 11 миллион 42 мың, Океанияда болса 778 мың 733 доза вакцина салынды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар