БҰҰ Индонезиядағы шіркеу шабуылын айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Индонезияда 28 наурыздағы Католик шіркеуіне жасалған террор шабуылын айыптады.

1612052
БҰҰ Индонезиядағы шіркеу шабуылын айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Индонезияда 28 наурыз күні Католик шіркеуіне жасалған террор шабуылын айыптады.

Кеңес «оқиғаның қорқақтық және опасыз бір террор әрекеті екенін» атап, «себебі қандай болмасын кез-келген терроризм актісі қылмыс болып табылады, оны ақтауға болмайды» деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде барлық елдердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін террористік актілерге қарсы бірлесіп күресу керек екендігіне назар аударылды.

Индонезияның Оңтүстік Сулавеси провинциясының Макассар қаласында 28 наурыз күні католиктік шіркеуіне екі жанкешті террор шабуылы жасаған болатын.

Католиктер «Пальма базары» деп атайтын Пасха мерекесі алдында ұйымдастырылған іс-шараларды нысанаға алған шабуылда 4 қарауыл барлығы 20 адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар