"Кедей елдерге вакцина беріңдер"

Ұлыбритания премьер-министріне шақыру тасталды.

1610667
"Кедей елдерге вакцина беріңдер"

Ұлыбританияда үкіметтік емес ұйымдар елдің премьер-министріне шақыру жасады.  Олар Борис Джонсонды артық вакциналарды кедей елдермен бөлісуге шақырды.

Үкіметтік емес ұйымдар Ұлыбританияның ең көп доза вакцина сатып алған ел екенін, артық вакцина дозасының 100 миллионнан көп болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Wellcome Trust ұйымының директоры және үкіметтің Төтенше жағдайлар үшін Ғылыми кеңес тобының мүшесі Жереми Фаррар: «Қазір шекара тысын да ойлаудың уақыты.  Бір ғана ел вируспен күрессе, әлем сенімді болмайды» деді.

400 миллион вакцина дозасы сұраныс берген ағылшын үкіметі вакцинаның артығын кедей елдерге беретінін білдірді. Алғашқы вакцинаны Covax арқылы алу мүмкіндігі жоғары, табысы төмен елдер қатарында Ауғанстан, Гаити, Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия және Сомали бар.

Осы арада Солтүстік Ирландия да инфекцияның таралуын тоқтату мақсатымен Ұлыбритания Ирландия Республикасына вакцина береді деп үміттенеді.  Осы тақырыпта Борис Джонсонға сұраныс жеткізілді.

Қазірге дейін 29 миллионнан астам ересек ағылшын азаматы коронавирус вакцинасының бірінші дозасын ектірді.



Ұқсас жаңалықтар