Каирде 10 қабатты ғимарат құлады

Оқиғада 8 кісі қаза тапты, 29 кісі жараланды.

1609605
Каирде 10 қабатты ғимарат құлады

Мысырдың астанасы Каирде 10 қабатты ғимараттың құлауы салдарынан алғашқы санаққа қарағанда 8 кісі қаза тапты, 29 кісі жараланды.

Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Каирдің шығысындағы Суэц көпірі көшесінде 10 қабатты ғимарат белгісіз себептен құлады.

Оқиғада 8 кісі қаза тапты, 29 кісі жараланды.

Каир әкімі генерал-майор Халид Абдул Ал құлаған ғимараттың іргесіндегі ғимараттардың зерттелуі және қалдықтарды жинау жұмыстарын жасау үшін топ құрылғанын жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар