Расулайндағы жарылыста 4 адам қаза тапты

Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыста 9 адам жарақат алды.

1605990
Расулайндағы жарылыста 4 адам қаза тапты

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен террор ұйымы YPG/PKK-дан тазартылған Расулайн ауданында болған жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды.

Шанлыурфаның Джейланпынар ауданы маңындағы Сирия жерінде орналасқан Расулайн ауданында Түркия уақытымен сағат 01:00 шамасында бір жарылыс болды.

Расулайндағы аурухана қызметкерлеріне қарағанда жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды.

Жаралылар аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар