Мьянмада кемінде сегіз адам қаза тапты

Екі журналист қамауға алынды.

1604614
Мьянмада кемінде сегіз адам қаза тапты

Мьянмада әскери төңкеріс пен сайланған үкімет мүшелерінің қамауға алынуына қарсы шыққан азаматтар шерулерін жалғастырып жүр. Қауіпсіздік күштері оларға килігіп, кемінде сегіз адам қаза тапты.

«Myanmar Now» интернет парақшасында жарияланған хабарға қарағанда, бүгін үш қаладағы шерулерге киліккен Мьянма армиясы шерушілерге шын оқ қолданды. Үш қалада кемінде сегіз адам қаза тапты. Кемінде 23 адам жарақат алды.

Сонымен қатар екі журналист те қамауға алынды. Олардың бірі BBC журналисті. Журналистердің қайда екені әлі белгісіз.

Арасында Associated Press агенттігінің тілшісі бар бес журналист болса 27 ақпан күні қамауға алынып,  өткен апта қамау мерзімдері созылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар