Мьянмада қанды жексенбі

Шерушерде 38 кісі қаза тапты.

1601214
Мьянмада қанды жексенбі

Мьянмада кешегі шерулерде кемінде 38 адам қаза тапты.

Мьянма саяси тұтқындарға көмек ұйымының хабарлауынша,  кеше елдің көптеген өңірінде болған шерулерге әскерр мен полиция шын оқ қолданған. Бір күнде кемінде 38 шеруші қаза тапты.

Шерушілердің басшыларының бірі Зай Пхио Янгондағы шерулерді тарқату үшін кемінде 500 әскери қызметкер орналастырғанын айтты. «Төңіректе полиция аз болды, шерушілерге әскерлер килікті» деді ол.

Оның айтуынша әскерлер адамдарды мотоциклмен қоршауға алып, оқ жаудырған. Сондықтан көп адам қаза тапқан.

Елдегі төңкерістен кейін басталған шерулерде кешегі күн ең қанды күн болды.



Ұқсас жаңалықтар