Палестинада 40 пайыз әйел жұмыссыз
Палестинадағы жұмыссыздық көрсеткіші 2020 жылы ер адамдарда 23 пайыз, әйелдерде 40 пайыз болғаны жарияланды.
Палестинада әйелдердің 40 пайызы жұмыссыз екені жарияланды.
Палестина әкімшілігіне қарасты Орталық Статистика ұйымы 8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай бір рапорт жариялады.
Рапортта елдегі жұмыссыздық көрсеткіші 2020 жылы ер адамдарда 23 пайыз, әйелдерде 40 пайыз болғаны жарияланды.
Мемлекеттік органдарда жұмыстағылардың 45 пайызы әйелдерден құралғаны білдірілген рапортта әйелдердің шешім жасау органдарындағы орны шекті екені хабарланды.
Рапортта "Шығыс Иерусалим, Батыс Шерия, Газа Секторында 2020 жылы 3 әйел шейіт болды, 128 әйел ұсталды және мұның 40-ы әлі де Израиль түрмелерінде қамақта" деп көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
"Құқығымыз толық қорғалмайынша тұрақтылық болмайды"
Хайе Израильдің Газа секторындағы қырғынының бірінші жылдығына арналған бейне үндеу жариялады.