Испанияда жүздеген қару жойылды

Жандармерия академиясындағы шараға премьер-министр Педро Санчес пен алты министр қатысты.

1595822
Испанияда жүздеген қару жойылды

Испанияда полиция операцияларында тәркіленген ETA және GRAPO террорлық ұйымдарының қарулары жойылды.

Мадридтің Валдеморо ауданындағы Жандармерия академиясындағы шараға премьер-министр Педро Санчес пен алты министр қатысты.

Испанияның терроризммен күрестегі табандылықты көрсетудің символы ретінде Жандармерия академиясында болған шарада террорлық ұйымдардың 697 тапашпа мен 274 жеңіл автоматтары бар барлығы 1377 қару қолданылмайтын жағдайға келтірілді. Премьер-министр Санчес осында сөз сөйлеп: «Осы символикалық рәсім Испания демократиясы алдында ETA террорлық ұйымының жеңілісінің бір көрсеткіші» деді.

ETA және GRAPO террорлық ұйым мүшелері қолданған және 1977-2005 жылдары арасында тәркіленген қарулардың жойылуы үшін Ұлттық Сот 2016 жылы үкім шығарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар