Ресейде 4 миллион кісіге вакцина егілді

Путин: "2 миллионнан астам кісіге екі доза вакцина егілді. 2 миллион кісіге де бір доза егілді" деді

1595312
Ресейде 4 миллион кісіге вакцина егілді

Ресей президенті Владимир Путин елінде мөлшермен 4 миллион адамға вакцина егілгенін хабарлады.

Путин:

"2 миллионнан астам кісіге екі доза вакцина егілді. 2 миллион кісіге де бір доза егілді" деді.

Путин жәрдем организациясы еріктілерімен өткізген жиналыста елдегі Ковид-19 індетіне қарсы вакцина процесі жайлы мәлімдеме жасады.

Путин елде вакцина егу процесінде кемшіліктер болғанына меңзеп:

"Логистикалық, тарату және вакцина егу орындарын ұйымдастыруда қиыншылықтар бар. Елдің 9 аймағында вакцина егу әлі басталған жоқ" деп көрсетті.

Ресейде індет оқиғалары азайғанын, алайда қауіп жойылмағанын айтқан Путин халықаралық салада Ковид-19 індетімен күрес тақырыбындағы талпыныстардың бірлестірілуі керектігіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар