Ауғанстанда қар көшкіні

Апатта 14 адам қаза тапты.

1595464
Ауғанстанда қар көшкіні

Ауғанстанның солтүстік шығысындағы Бадахшан уәлаятында қар көшкіні салдарынан 14 адам қаза тапты.

Бұл туралы Бадахшан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ник Мұхаммед Назари хабарлады. Ол қар көшкінінде төрт адамның жарақат алғанын, қар астында басқа да адамдардың болуы мүмкін екенін айтты.

Аймақта құтқару жұмыстары жүргізілуде.



Ұқсас жаңалықтар