Папа тарихта бірінші рет Иракқа барады

Бұл туралы Ватикан мәлім етті.

1593877
Папа тарихта бірінші рет Иракқа барады

Католиктердің рухани лидері және Ватикан басшысы Папа Франциск 5-8 наурыз күндерінде Иракқа барады.

Ватикан баспасөз хатшысы Маттео Бруни осы сапардың Папаның 33-ші сапары болатынын айтты. «Папа тарихта бірінші рет Иракқа барады.  Сонымен бірге Папа бірінші рет тұрғындарының көбі шиіттерден тұратын бір елге барады» деді ол.

Сапар Ирак пен төңірегіндегі христиандармен ұйымшылдықты мақсат етеді. Сапарды «бауырластық пен үміт» сөздерімен мазмұндауға болады.
Ватикан мәлім еткен бағдарламаға сәйкес, Папа Бағдатта кездесулер өткізеді. 6 наурыз күні Неджеф және Ур қалаларына барады. Артынан Эрбиль қаласына барып, Мосул мен Каракушқа да соғады.



Ұқсас жаңалықтар