Ауғанстандағы шабуылда 6 қорғаушы қаза тапты

Герат мемлекеттік ауруханасынан жасалған мәлімдемеде 6 қорғаушының қаза тапқаны, 4 қорғаушының жараланғаны білдірілді.

1590837
Ауғанстандағы шабуылда 6 қорғаушы қаза тапты

Ауғанстанның Герат уәлаятында бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 6 қорғаушы қаза тапты.

Герат уәлаят әкімі Саиед Вахид Катали баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылшылардың бомба тиелген көлікпен Кохсан ауданына қарасты ауылдағы қорғаушылар басқармасын нысанаға алғанын айтты.

Герат мемлекеттік ауруханасынан жасалған мәлімдемеде 6 қорғаушының қаза тапқаны, 4 қорғаушының жараланғаны білдірілді.

Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.  



Ұқсас жаңалықтар