Афринде бомбалы шабуыл

Сирияның солтүстігіндегі Африн ауданында бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалды.

1589770
Афринде бомбалы шабуыл

Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауында болған және «Зәйтүн бұтағы» операциясы арқылы террордан тазаланған Афринде бомба тиелген көлік жарылды.

Алғаш мағлұматтарға қарағанда террор шабуылында 3 бейбіт адам жарақат алды. Жаралылар аймақтағы ауруханаларға жеткізіліп, қоршаған ортаға материалдық шығын келді.

Шабуылмен байланысты тергеу бастаған қауіпсіздік күштері шабуылдың террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалғанын болжады.



Ұқсас жаңалықтар