Марьют көлінде 2 қайық суға кетті
Мысырдың Марьют көлінде 17 адам мінген екі балықшы қайығы суға кетті.
1588836

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 7 адам қаза тапты.
Александрия Полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда араларында балалар да бар бірдей отбасынан 17 адам мінген 2 қайық Марьют көлінде суға кетті және қазірге дейін 7 адамның мәйіті табылды.
Оқиға орнына көптеген жедел құтқару көлігі, теңіз күзету топтары және іздеу-құтқару топтары жіберілді.
Екі қайықтың әсіресе кешкі ас үшін Бәдәуилер қолданған кішкентай бір аралдан оралған кезде суға кеткені білдірілді.
Көлде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар

ЮНИСЕФ вакцина үшін келісті
ЮНИСЕФ 85 елге коронавирус вакцинасын жеткізу үшін AstraZeneca компаниясымен келісімге келді.