Әлемде коронавирус

Ұлыбританияда коронавирус салдарынан соңғы бір тәулікте 178 адам қайтыс болды.

1588727
Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша екі миллион 485 мың 390 болды.  Вирус жұқтырғандардың саны 112 миллион 263 мың,  сауығып кеткендердің саны болса 87 миллион 798 мың болды.

Вирус салдарынан өлім-жітім 512 мың 590 болған Америка Құрама Штаттарында инфекция жұқтырғандардың саны 28 миллион 826 мың 307-ге жетті.

Ұлыбританияда коронавирус салдарынан соңғы бір тәулікте 178 адам қайтыс болды.  10 мың 641 оқиға расталды.  Елде өлім-жітім 120 мың 757, инфекция жұқтырғандардың саны 4 миллион 126 мың 150 болды. Премьер-министр Борис Джонсон эпидемияға байланысты карантиннің 8 наурыз күнінен бастап сатылы түрде ашылатынын білдірді.

Италияда эпидемиядан соңғы 24 сағатта 274 адам қайтыс болды. Осылайша жалпы өлім-жітім 95 мың 992-ге жетті.  Вирус жұққан адам саны  9 мың 630 артып,  екі миллион 818 мың 863-ке жетті.

Францияда ковид салдарынан соңғы бір тәулікте 333 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 84 мың 613 болды.  Бір күнде 4 мың 646 жаңа оқиға тіркеліп,  вирус жұқтырған адам саны үш миллион 609 мың 827-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар