Грузияда жаңа үкімет сенім дауысын алды

Грузин Қиялы партиясының депутаттары берген  89  "мақұл" дауысымен Ираклий Гарибашвили үкіметі сенімге ие болды.

1588606
Грузияда жаңа үкімет сенім дауысын алды

Грузияда өткен апта премьер-министр Георгий Гахарианың отставкасынан кейін Ираклий Гарибашвили басшылығында құрылған жаңа үкімет парламенттен сенім дауысын алды.

Астана Тбилисидегі парламент ғимаратанда сенім дауысы үшін өткізілген отырысқа 150 орынды парламенттегі дауыс беруге билік басындағы Грузин Қиялы партиясының 89  депутаты, оппозиция партиясынан 2 мүше ғана қатысты.  

Грузия Парламентінің төрағасы Арчил Талаквадзе басшылығындағы отырыста билік басындағы Грузин Қиялы партиясының 89 депутаты берген  89  "мақұл" дауысымен Ираклий Гарибашвили сенімге ие болды.

Георгий Гахариа кабинетінде 2019 жылдан бері Қорғаныс министрі болған 38 жастағы Ираклий Гарибашвили 2012-2013 жылдары Ішкі істер министрі, 2013-2015 жылдары арасында премьер-министр болған.

Ираклий Гарибашвилидің кабинетінде Аймақтық Өркендеу және Инфрақұрылым министрі ғана өзгерді.

Оппозиция партияларының көбі 2020 жылы 31 қазанда өткізілген сайлау нәтижесін қабылдамай, сайлауды қайта өткізуді талап етуде. 

Сайлау өткелінен өткен 7 партия мәжіліс отырысын бойкот етті.  



Ұқсас жаңалықтар