Ливияның жаңа әкімшілігі қастандық әрекетін айыптады

Ливияның жаңа әкімшілігі Ішкі істер министрі Фетхи Башағаға жасалған қастандық әрекетін қатаң түрде айыптады.

1587960
Ливияның жаңа әкімшілігі қастандық әрекетін айыптады

Ливияның жаңа әкімшілігі Ішкі істер министрі Фетхи Башағаға жасалған қастандық әрекетін қатаң түрде айыптады.

Ливия премьер-министрі Абдүлхамид Дибейбе өзінің Твиттер аккаунтынан президенттік кеңес төрағасы Мұхаммед Менфимен жариялаған бірлескен мәлімдемесінде Ішкі істер министрі Фетхи Башағаға жасалған қастандық әрекетін қатаң түрде айыптағандарын мәлімдеді.

Мәлімдемеде құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік күштері міндетке шақырылып, оқиға және оқиғаға қатысы барлар туралы ашық және бейтарап бір тергеу жүргізiлуi талап етілдi.

Менфи мен Дибейбе оқиғада қаза тапқан бір адам үшін де көңіл айтты.

Мемлекеттік Жоғарғы Кеңес жасаған мәлімдемеде Джанзур аймағында орналасқан резиденциясына барған кезде ішкі істер министріне қарсы жасалған қарулы шабуылдың айыпталғаны атап көрсетілді.

Ұқсас бір айыптау болса Тобруктағы Өкілдер палатасының төрағасы Акиле Салихтен келді.

Италия Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемесінде болса «Италия Ливия ұлттық келісім үкіметі Ішкі істер министрі Фетхи Башағаның керуенiне жасалған шабуылды қатаң түрде айыптайды. Италия бұл қабылданбайтын оқиға үшін министр Башаға мен оның жұмыс тобына ынтымақтастық тiлегiн білдіреді» делінді.

Ливия Ішкі істер министрлігі Башағаның 21 ақпан жексенбi күні жергілікті уақытпен сағат 15:00-де Триполидің батысындағы Джанзур аймағында орналасқан резиденциясына көлікпен бара жатқанда, керуеніне бір машинадан ауыр автоматты қарулармен шабуыл жасалғанын, министр Башағаның шабуылдан құтылғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар