Сирия мен Израиль тұтқын алмастырды

Сирия мен Израиль арасындағы тұтқын алмастыруға Ресей бітімгерлік жасауда.

1585678
Сирия мен Израиль тұтқын алмастырды

Ресейдің  бітімгерлігімен Сириядағы Башар Асад режимі мен Израиль арасында тұтқын алмастырылды.

Режимнің хабар агенттігі SANA-ның хабарында: 

"Тұтқын алмастыру қазір Ресейдің бітімгерлігімен жасалуда. Жауланып жатқан Голаннан сириялық тұтқындар Нихал әл-Макт пен Зияб Кахмаз Израиль зынданынан құтылатыны" жазылды.

Хабарда қарымжы ретінде Сирияның оңтүстігіндегі Кунейтра уәлаятына "Байқамай кіргеннен кейін ұсталған" израильдік жас қыздың босатылатыны хабарланды.

Израиль баспасөзінде шыққан хабарларда Израиль әкімшілігінің Ресейден Сириямен байланысты гуманитарлық бір тақырыпта жәрдем сұрағаны білдірілген болатын.    



Ұқсас жаңалықтар