Катар НАТО-да мүшелік ашады

Брюссельде жасалған келісіммен Катардың Брюссельдегі НАТО базасында өкілдік ашуына шешім қабылданды.

1583394
Катар НАТО-да мүшелік ашады

Катар Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО базасында өкілдік ашады.

Катардың ресми хабар агенттігі QNA-ның хабарына қарағанда Брюссельде жасалған келісіммен Катардың Брюссельдегі НАТО базасында өкілдік ашуына шешім қабылданды. 

Катардың НАТО базасы ішінде өкілдік ашуы "Тараптар арасында жүргізілген ұзақ уақыттық және жақсы қарым-қатынастардың нәтижесі" екені білдірілді. 

НАТО-мен қарым-қатынастарын 2005 жылы ақпанда Стамбұл Ынтымақтастық талпынысына ресми мүше болу арқылы жетілдіре бастаған Катар 2018 жылы НАТО-мен қауіпсіздік, хабар алу және әскери салаларда келісімдер жасасқан болатын. 

Катар Қорғаныс министрі Халид ибн Мұхаммед әл-Аттие 2018 жылы жасаған мәлімдемесінде елінің "Қарулану тұрғысынан аймақтағы ең маңызды елдердің бірі" болғанын білдіріп, нысаналарының "НАТО-ға толық мүше болу" екенін жариялаған.



Ұқсас жаңалықтар