Фанаттық еврейлер Акса мешітінің ауласына басып кірді

Иерусалим Ислам Қоры басқармасы оқиғамен байланысты мәлімдеме жасады.

1583873
Фанаттық еврейлер Акса мешітінің ауласына басып кірді

Израиль полициясының қорғауымен ондаған радикал еврей Шығыс Иерусалимнің ескі қаласындағы Әл-Акса мешітінің ауласына басып кірді.

Иерусалим Ислам Қоры басқармасы жасаған жазбаша мәлімдемеде Израиль полициясы тарапынан қорғалған 97 радикал еврейдің Әл-Акса мешітінің оңтүстік батысындағы Әл-Мағриб (Марокко) қақпасынан Харам мешітіне басып кіргенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде еврей топтың Харам мешітінің ауласында арандатушылық әрекеттер жасағаны, кейін Әл-Акса мешітінен шығып кеткені атап көрсетілді.

Израиль полициясының қорғауындағы радикал еврей тобының Харам мешітіне жасаған мұндай басқындары аймақта дағдарысты арттыруға себеп болуда.



Ұқсас жаңалықтар