Ауғанстанда полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды

Полиция бөліміне жасаған қарулы шабуылдың артынан шыққан қақтығыста 4 полиция қызметкері өлтірілді.

1583852
Ауғанстанда полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды

Ауғанстанның Забул провинциясында Талибан содырлары мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыста 4 полиция қызметкері қаза тапты.

Забул полициясының бастығы Хекматулла Кочидің айтуынша, содырлар Забулдың орталығы Пули-и Санги ауданындағы полиция бөліміне жасаған қарулы шабуылдың артынан қақтығыс басталды.

Қақтығыста 4 полиция өлтірілді, 2 полиция жарақат алды, көптеген содырдың залалсыздандырылғаны білдірілді.

Аймақтағы операция жалғасуда. Әзірге Талибаннан ешқандай мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар