Украина президенті елшілермен Донбасс майданын аралады

Украина президенті Владимир Зеленский Үлкен жетілік елдерінің елшілерімен бірге Донбасс майданын аралады.

1582340
Украина президенті елшілермен Донбасс майданын аралады

Украина президенті Владимир Зеленский Үлкен жетілік елдерінің елшілерімен Донбасс майданын бірге аралады.

Президенттік аппараттың мәлімдемесіне қарағанда Зеленский Үлкен жетілік елдерінің елшілерімен бірге майданға барып, әскерлермен кездесті.

2020 жылы шілде айында қабылданған ауқымды атысты тоқтату бітімінe 200 күн толғанын атап көрсеткен Зеленский соңғы кездері орыс жікшілдердің шабуылдарының артып отырғанына қарамастан ауқымды атысты тоқтатудың көптеген әскердің өмірін сақтап қалғанына назар аударды.

Зеленский 2018 жылы 121, 2019 жылы 100, 2020 жылы 50 украин әскерінің қақтығыстарда қаза тапқанын баса айтты.

Донбасс аймағындағы дағдарысты шешуге қатысты Ресей, Украина және ЕҚЫҰ-дан тұратын үштік байланыс тобы 2020 жылы 27 шілде күнінен бастап, ауқымды атысты тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.

2014 жылдан бері осы аймақта өзін «тәуелсіз» деп жариялаған ресейшіл жікшілдер мен Киев әкімшілігі арасындағы қақтығыстарда 13 мыңнан астам адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар