Орталық Африка армиясы көтерілісшілерді ығыстырды
Орталық Африка Қарулы күштері стратегиялық маңызға ие Кантонье қалашығының билігін де қайтарып алды.

Мөлшермен 80 пайызы қарулы топтар тарапынан басқарылған Орталық Африка Республикасында армия көтерілісшілердің бақылауындағы Буар, Боали, Боссембеле және Ялоке қалаларынан кейін Камерун шекарасындағы Кантонье қалашығын да қайтарып алды.
Ұлттық баспасөздің хабарына қарағанда орыс және руандалық әскерлер қолдау берген Орталық Африка Қарулы күштері стратегиялық маңызға ие Кантонье қалашығының билігін де қайтарып алды.
Орыс әскерлері әуеден қолдау берген операцияда қауіпсіздік күштері мөлшермен бір айдан бері "Өзгеріс үшін отаншылдар коалициясы" атты қарсылас топтың басқаруындағы қаланы қарсылықсыз қайтарып алды.
Қауіпсіздік күштері астана Бангуиді Камерунға жалғайтын маңызды сауда жолы RN3 жағасындағы Буар қаласының билігін үш күннің алдында алған болатын.
Орталық Африка Республикасы Атазаң сотының бұрынғы лидер Франсуа Бозизенің президенттікке үміткерлігін "Гуманитарлыққа қарсы қылмыс және қырғынға ұмтылу" айыптауы және "Бозизенің БҰҰ-ның санкция тізімінде болуы" себепті қабылдамауынан кейін 2020 жылы 18 желтоқсанда үкімет пен қарулы топтар арасындағы қақтығыстар басталды.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тан Халықаралық сотқа санкция
Дональд Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу туралы жарлыққа қол қойды.