Вакцинаны Германияда да өндіреді

Компания жарты жылда 250 миллион доза өндірілетінін білдірді.

1580966
Вакцинаны Германияда да өндіреді

Түрік ғалымдар Проф. Угур Шахин мен жұбайы Др. Өзлем Түреджи тарапынан құрылған немістің биотехнология компаниясы BioNTech өзі жетілдірген коронавирус вакцинасын Германияда да өндіре бастады.

BioNTech компаниясы хабарлама жариялап, вакцина өндірісі басталған Марбург қаласындағы базаларда биыл алғашқы жарты жылда 250 миллион доза өндірілетінін білдірді. Алғашқы вакциналардың сәуір айының басында тапсырылатыны хабарланды.

BioNTech биыл әлемнің түрлі елдеріндегі алты базада барлығы 2 миллиард доза вакцина өндіруді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар