СҰА бомбалы шабуылдың алдын алды

Сирия Ұлттық армиясы (СҰА) Әзез аудан орталығындағы бомбаны залалсыздандырды.

1580776
СҰА бомбалы шабуылдың алдын алды

Сирия Ұлттық армиясына (СҰА) қарасты жергілікті күштер Сирияның солтүстігіндегі Әзез ауданында бомба орналастырылғанын анықтап, террор шабуылының алдын алды.

СҰА мағлұматтарына қарағанда Түркияның Килис шекарасына таяу Сирияның Әзез аудан орталығында орналастырылған бір бомба анықталды.

Қауіпсіздік күштері бомба құрылғысын залалсыздандырды.

«Евфрат қалқаны» операциялық аймағындағы Әзез және Баб аудандарында 31 қаңтар күні террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жүзеге асырылған лаңкестік шабуылдарда 10 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар