Асад режимі Идлибке шабуылдады

Идлибке бағытталған артиллериялық шабуылда үшеуі ауыр, 5 бейбіт тұрғын жараланды.

1580988
Асад режимі Идлибке шабуылдады

Сирияда Башар Асад режимінің Идлибке бағытталған шабуылдарында үшеуі ауыр, 5 бейбіт тұрғын жараланды.

Асад режимі армиясы мен Иран қолдау көрсеткен шетелдік лаңкестік топтардан тұратын режим күштері Идлибтің оңтүстігіндегі М4 автожолы маңындағы Эль-Бара ауылына артиллериялық шабуыл жасады.

Шабуылда жарақат алған 2 әйел, 1 бала барлығы 5 адам денсаулық орталықтарына жеткізілді.

Асад режимі күштері күндіз Идлибтің Джабал-Завия аймағындағы Кеферавид, Сфохин және Кенсафра ауылдарына көптеген зымыран мен миномет шабуылы жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар