Нетаньяху сот алдына шықты

Ол өз жөніндегі айыптауларға қарсы шықты.

1579431
Нетаньяху сот алдына шықты

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху қайтадан сот алдына шықты.

Израильде міндет барысында сотталған алғашқы премьер-министр ретінде тарихта қалатын Нетаньяхудың екінші соты Иерусалим аймақтық сотында болды. Сот отырысынан бұрын Израиль полициясы сот ғимараты төңірегіндегі көптеген жолды қатынасқа жауып тастады.  Бір топ адам да сотқа жақын жерде наразылық білдірді.

Израиль мен халықаралық баспасөз сот отырысына үлкен қызығушылық танытты.

Сотта Нетаньяху өзі жөніндегі заңсыздық айыптауларына қарсы шықты.

Израиль Бас прокуроры Авичай Манделблит 2019 жылдың 21 қараша күні Нетаньяху жөнінде үш бөлек тақырыпта соттық іс ашылуын талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар