Еуроодақтан Ресейге жаңа санкция сигналы

Джозеф Боррелл Ресейдің ЕО-пен келіссөз мүмкіншілігін пайдаланғысы келмегендігін мәлімдеді.

1579139
Еуроодақтан Ресейге жаңа санкция сигналы

Еуроодақтың (ЕО) Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты Жоғары өкілі Джозеф Боррелл Ресейдің ЕО-пен жасампаз келіссөз мүмкіншілігін пайдаланғысы келмегендігін атап, бұл елге жаңа санкция ескертуі жасады. 

Джозеф Боррелл 4-6 ақпан күні Мәскеуге сапарымен байланысты жазуында «алаңдатушы» ЕО-Ресей ынтымақтастықты талқылағаны, қарым-қатынастың (Ресей оппозициясы) Алексей Навальныйды қамауға алу және оның жақтастары тергеуге алынған наразылықтардан кейін одан да нашарлағанын атап көрсетті. 

Наурызда өтетін ЕО саммиті алдындағы сапары кезінде жылдам нашарлап бара жатқан қатынастарды қолға алғысы келгенін мәлімдеген Боррелл «Агрессивті ұстаныммен ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты және сапарым кезінде ЕО елдерінен 3 дипломатты депортациялау туралы шешімі Ресей билігінің ЕО-пен жасампаз келіссөз үшін мүмкіндікті пайдаланғысы келмейтіндігін көрсетуде» деді. 

Боррелл ЕО пен Ресейдің Беларусь, Украина, Грузия, Сирия және Ливия сияқты көптеген мәселеде де келісе алмайтынын еске салды. 

ЕО Сыртқы істер министрлерінің 22 ақпандағы жиналысында Ресеймен қарым-қатынастың талқыланатынын білдірген Боррелл «Әдеттегідей басылатын қадамдарға мүше елдер шешім қабылдайды және бұлар санкцияларды да қамтуы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар