Дания әлемнің тұңғыш энергетикалық аралын салады

Құрылысы 2026 жылы басталатын жобаның 2033 жылы іске асуы күтілуде.

1578096
Дания әлемнің тұңғыш энергетикалық аралын салады

BBC түрікше арнасының хабарына қарағанда Солтүстік теңізде алғашқы сатысы 3 миллион тұрғын үйдің электр қуаты қажеттілігін қамтамасыз ететін үлкен бір энергетика аралы салынады.

Ел тарихының ең үлкен құрылыс жобасы болған арал 18 футбол стадионы көлемінде болады. Кейін мұның үш есе ұлғаятыны білдірілуде.

200 үлкен жел турбинасы үшін бір орталық ретінде қызмет атқаратын арал жағалаудан 80 шақырым қашықтыққа салынады.

Құрылысы 2026 жылы басталатын жобаның 2033 жылы іске асуы күтілуде.

51 пайызы мемлекеттікі болатыны атап көрсетілген жоба шығындарының 34 миллиард долларды құрайтыны болжалуда.

Жаңа аралдың энергия өндіру қуаты 3 гигаватт болмақ. Уақыт өте келе қуаттылықты 10 гигаваттқа жеткізу көзделуде.

Осында өндірілетін электр қуатының Бельгия, Голландия және Германияға да берілуі жоспарлануда.

Дания 2030 жылға дейін қолданыстағы Климат заңына сәйкес парниктік газ шығарындыларын 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 70 пайызға азайтуға уәде берген болатын.

Дания 2050 жылға дейін көміртегінен толығымен құтылған ел болуды жоспарлап отыр.

Үкімет өткен жылы Солтүстік теңіздегі барлық жаңа мұнай мен табиғи газ іздестіру жұмыстарын тоқтататынын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар