Украинада тоғыз телеарна жабылады

Телеарналарды Ресейдің қаржыландырып отырғаны атап көрсетілді.

1576616
Украинада тоғыз телеарна жабылады

Украина Ресей қаржыландырып отыр деген себеппен еліндегі тоғыз телеарнаның ісін тоқтатуға шешім қабылдады.

Украина президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда, Ұлттық Қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің Украина парламенті мүшесі Тарас Козак және оның телеарнасына санкция жүргізілуіне байланысты шешімі бекітілді. Осы санкция бойынша Тарас Козактың тоғыз телеарнасы бес жылдығына жұмысын тоқтатады.

Украина президенті Владимир Зеленский осы тақырыпта хабарлама жариялады.  Ол елінің сөз бостандығына қолдау беретінін, бірақ Украинаға шабуылдаған ел қаржыландырып отырған үгіт-насихатқа жол бермейтінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар