Голландияда Путинге қарсы протест ұйымдастырылды

Демонстранттар орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың еркін жіберілуін талап етті.

1574944
Голландияда Путинге қарсы протест ұйымдастырылды

Демонстранттар Голландияның бас қаласы Амстердамға жиналып, қамауға алынған орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың еркін жіберілуін талап етті.

Амстердамдағы Вонделпаркке жиналған демонстранттар «Алексей Навальныйға еркіндік!», «Қанішер Путин!», «Путин отставкаға кететін уақыт келді!», «Путин мен оның достарына санкция салыңдар, Ресей азаматтарына емес!» жазылған плакаттар ұстап, «шындық айту қылмыс емес» және «біз әділет іздейміз» деген ұрандар тастады.

Шеру кезінде жасалған мәлімдемеде Путиннің сот мекемелерін оппозицияның үнін өшіру үшін пайдаланғаны және мұны тоқтату керектігі айтылды.

Ресейдің Томск қаласынан Мәскеуге бару үшін 2020 жылы 20 тамыз күні ұшаққа мінген Навальный ұшақта науқастанып, ұшақ Омбыға қонған еді. Омбыда ауруханаға жеткізілген Навальныйдың ішкен шайына араластырылған бір затпен уланғаны алға тартылған болатын.

44 жасар Навальный 2020 жылы 22 тамыз күні Омбыдан арнайы бір ұшақпен Берлиндегі бір ауруханаға емдеуге апарылды.

Емделген соң Германиядан 17 қаңтар күні Мәскеуге оралған Навальный әуежайда алдымен тергеуге алынған, кейін қамауға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар