Баб пен Азизде 10 кісі қаза тапты, 24 адам жараланды

Сирияның солтүстігіндегі аймақтарға террористік топтар бомбалы шабуыл ұйымдастырды.

1574668
Баб пен Азизде 10 кісі қаза тапты, 24 адам жараланды

Сирияның солтүстігіндегі Баб пен Азиз аудандарында ұйымдастырылған террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты, 24 адам жараланды.

Азиздің аудан орталығында Сирия өтпелі үкіметі ғимаратына және Азиз Мәдениет орталығының қасындағы көлікке орналастырылған бомбалар жарылды.

Шабуылда 4 кісі қаза тапты, 20 кісі жараланды.

Азиздегі жарылыстан кейін Баб ауданының 5 километр шығысындағы Зерзур аймағындағы көлік бақылау түйінінде бір жарылыс болды.

Жаралыста 6 кісі қаза тапты, 4 кісі жарақат алды.

Қаза болған және жараланған кісі санының артуы алау туғызып отыр.   



Ұқсас жаңалықтар