Акса мешітіндегі реставрация қайта басталды

Бұл туралы Иордания Сыртқы істер министрі хабарлады.

1572236
Акса мешітіндегі реставрация қайта басталды

Иордания басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимдегі Акса мешітіндегі реставрация жұмыстарының қайта басталғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрі Эймен әс Сафеди мәжілістегі Палестина комитетімен өткізген кездесуінен кейін мемлекеттік телеарнаға мәлімдеме жасады. Ол Иорданияның палестиналық лауазым иелерімен әрдайым байланыста екенін айтты. Министр елінің Палестинаның күресіне деген қолдауын қайталады.  Ол Иорданияның дипломатиялық бастамасымен Акса мешітінің реставрация жұмыстарының бүгін қайта басталғанын айтты.

Израиль күштері 24 қаңтар күні Акса мешітінің аумағындағы Күббетус Сахра мешітіне басқын жасап, ғибадатханадағы мәрмәр және ішкі бағаналардың реставрация жұмысына кедергі келтірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар