АҚШ Мемлекеттік хатшысы бекітілді

Блинкеннің кандидаттығы 22-ге қарсы 78 дауыспен қабылданды.

1571811
АҚШ Мемлекеттік хатшысы бекітілді

Америка Құрама Штаттары Сенаты президент Джо Байден Мемлекеттік хатшылыққа кандидат қылып көрсеткен Энтони Блинкенді бекітті.

Сенаттағы дауысқа салуда Блинкеннің кандидаттығы 22-ге қарсы 78 дауыспен қабылданды.

Қорғаныс министрі Ллойд Остин, Қазына министрі Джанет Йеллен және Ұлттық барлау директоры
Аврил Хейнстен кейін Байденнің кабинетінде Сенаттан мақұлдау алған төртінші тұлға Блинкен болды.

Америка Құрама Штаттарында Ұлттық барлау директоры да кабинеттің бір мүшесі деп қабылданады.

АҚШ-тың жаһандық беделін жөндеуі күтілген 58 жасар Блинкен Барак Обама кезінде Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Энтони Блинкен міндетінің бірінші күні Канада,  Мексика, Жапония және Оңтүстік Кореялық әріптестерімен телефонда сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар