Бағдаттағы шабуылдардың күдіктілері ирактық болып шықты

Ирак Қарулы Күштер бас қолбасшылығы мәлімдемешісі Яхия Ресул тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1570232
Бағдаттағы шабуылдардың күдіктілері ирактық болып шықты

Ирак армиясы 21 қаңтар күні Бағдатта 32 адамның өліміне себеп болған қос жанкешті шабуылды жасаған 2 адамның Ирак азаматы екенін жариялады.

Қарулы Күштер бас қолбасшылығы мәлімдемешісі Яхия Ресул мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Бағдаттың орталығы Таяран алаңында тауар мен киім сататын және табысы төмен адамдар жиі баратын базарға жасалған шабуылмен байланысты соңғы жаңалықтарды хабарлады.

«Полиция шабуыл туралы жинаған мағлұматтар қылмыскерлердің ирактық екенін көрсетеді» деген Ресул әлеуметтік желіде жанкештілердің бірінің Сауд Арабиясынан екендігі туралы фотосуреттер таратылғанын, бірақ аталмыш кісінің өз еліндегі жанкешті бір шабуылда өзін жарып өлгенін ескертті.

21 қаңтар күні Бағдаттағы базарға жасалған шабуылда 32 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алған болатын.

Шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындаған еді.



Ұқсас жаңалықтар