Сарадж БҰҰ-н Ливияны қолдауға шақырды

Ливия премьер-министрі Фаиз Сарадж БҰҰ-н Ливияда жалпы сайлау өткізу үшін толық қолдау беруге шақырды.

1569374
Сарадж БҰҰ-н Ливияны қолдауға шақырды

Ливия премьер-министрі Фаиз Сарадж БҰҰ және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне елінде сайлаудың ұйымдастырылуы үшін барлық салада қолдау беруге шақыру тастады.

Фаиз Сарадж БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Тунистің БҰҰ тұрақты өкілі Тарык ел-Адабқа хат жазды.

Хатта:

"БҰҰ-ның қажеттерін бағаландыру және Ливия Жоғары сайлау кеңесімен осы маңызды ұлттық іс-шараның табысты болуы үшін ақылдасу мен ұйымдасуды қамдау мақсатымен қысқа уақытта бір топ жолдауын күтеміз" деді.

Фаиз Сарадж сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін ливиялықтар тарапынан мақұлданған уақытта жалпы сайлаудың өткізілуіне риза болатын бір шешім шығаруға және БҰҰ Ливия қолдау тобына сайлаудың табысы үшін қажетті мүмкіндіктерді қамдауы үшін билік беруге шақырды.

БҰҰ басшылығында Ливиядағы түрлі саяси және әлеуметтік топтарға өкіл ретінде сайланған 75 кісімен жүргізілген "Ливия Саяси диалог форумы" аясында 24 желтоқсанда елде жалпы сайлау өткізуге шешім жасалған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар