Кенияда шегіртке қаптап кетті

Министр Муния өсімдікпен қоректенетін жәндіктің азық-түлік қорына қауіп төндіріп отырғанын айтты.

1569114
Кенияда шегіртке қаптап кетті

Кенияда көптеген аймақ Эфиопия және Суданнан келген шегірткелердің шабуылына тап болуда. 

Кения Ауыл шаруашылығы министрі Петер Муния баспасөзге жасаған мәлімдемесінде мемлекеттің көптеген аймағында шегірткелердің қаптап кеткенін, 47 ауданның 15-і осы апатпен күресіп жатқанын түсіндірді. 

Министр Муния өсімдікпен қоректенетін жәндіктің азық-түлік қорына қауіп төндіріп отырғанын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметіне қарағанда  Шығыс Африка елдері қаптап кеткен шегірткелермен күресу үшін 38 миллион долларға мұқтаж.

 



Ұқсас жаңалықтар