Кедей елдер үшін вакцина жеткізу мәселесі

Pfizer және BioNTech келісімге қол қойды.

1569258
Кедей елдер үшін вакцина жеткізу мәселесі

Pfizer және BioNTech Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының табысы төмен елдерге вакцина таратылуы үшін құрылған COVAX механизміне ковид вакцинасын қамдау тақырыбында келісімге қол қойды.

Euronews-тің хабарына қарағанда, келісім шеңберінде COVAX-тың қаншама төлем төлейтіні, қанша доза берілетіні нақты емес. Дереккөздердің бірі вакцинаның алдымен осы елдердегі медициналық қызметкерлерге берілетінін айтты.

Pfizer/BioNTech вакцинасы өте салқын температурада сақталуы керек болғандықтан тасымалында арнайы көліктер қолданылуы қажет. Бұл әсіресе ыстық өңірлердегі кедей елдер үшін жеңіл  болмауы мүмкін.

COVAX механизмі шеңберінде табысы төмен елдерге алғашқы вакциналар ақпан айынан бастап таратылады. COVAX биыл шамамен 1,8 миллиард доза вакцинаны 92 елге таратуды жоспарлауда. Бұл кедей ел халықтарының тек 27 пайызына дөп келеді.



Ұқсас жаңалықтар