Мысырда төтенше жағдай ұзартылды

Мысырда 15-ші мәрте ұзартылған төтенше жағдай тәртібі 2021 жылы 24 қаңтардан бастап атқарылады.

1568651
Мысырда төтенше жағдай ұзартылды

Мысыр Мәжілісі "Төтенше жағдайды" ел көлемінде тағы 3 ай ұзарту шешімін мақұлдады.

Мысыр Мәжілісінің төрағасы Ханефи Джибали жалпы отырыстағы сөзінде:

"Президент Абдулфеттах ес-Сисидің ел көлемінде "Төтенше жағдайды" тағы 3 ай ұзарту жөніндегі шешімі Мәжілісте үштен екі көпшілік дауыспен қабылданды" деді.

Мысырда 15-ші мәрте ұзартылған төтенше жағдай тәртібінің 2021 жылы 24 қаңтардан бастап атқарылатыны хабарланды.

Мысырдың Александрия және Танта қалаларында 2017 жылы сәуірде ұйымдастырылған және террористік ұйым ДАИШ мойнына алған бомбалы шабуылдарда 45 кісі қаза тапқан, 125 кісі жараланған болатын.   



Ұқсас жаңалықтар