Ауғанстанда әскери көлікке шабуыл жасалды
Ауғанстан Ішкі істер министрлігі шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.
1569097
Ауғанстан бас қаласы Кабулда әскери көлікке жасалған қарулы шабуылда екі әскер қаза тапты.
Ауғанстан Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Тарық Арьен Кабулдың Коте-и Санги аймағында кім екені белгісіз адамдардың әскери көлікке қарулы шабуыл жасағанын жариялады.
Арьен шабуылда 2 әскердің қаза тапқанын және шабуылдаушылардың аймақтан қашқанын мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.