Байденнің кабинетіне Сенаттан алғашқы мақұлдау

Джо Байденнің кабинетіне Сенаттан алғашқы мақұлдау келді.

1568199
Байденнің кабинетіне Сенаттан алғашқы мақұлдау

Америка Құрама Штаттарында кеше ант беріп, міндетін бастаған президент Джо Байденнің кабинетіне Сенаттан алғашқы мақұлдау келді.

Байден елдегі барлау ұйымдарының шаңырағы Ұлттық барлау басқармасының (DNI) басшылығына ұсынған Аврил Хайнс бекітілді. 10 «қарсы» дауыс, 84 «қабыл» даусымен Хайнс Байденнің кабинетінде Сенаттан мақұлдау алған алғашқы тұлға болды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама басшылығында CIA басшысының орынбасары және Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары міндеттерін атқарған Хайнсосы қызметке келген тұңғыш әйел ретінде тарихта қалады.



Ұқсас жаңалықтар