Мадрид қала орталығында жарылыс болды

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.

1567757
Мадрид қала орталығында жарылыс болды
ispanya.jpg

Испанияның Бас қаласы Мадридте қала орталығындағы бір ғимаратта жарылыс болып алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 адам қаза тапты.

Жергілікті уақытпен 15:00-те (Түркия уақытымен 17:00) Мадридтің орталығындағы Пуэрто де Толедо аумағында көпқабатты бір тұрғын үйде жарылыс болды.

Әлеуметтік медиада орын алған бейне көріністерге қарағанда жарылыстың салдарынан 2 адам қаза тапқаны, оқиғада куәгерлердің айтуынша көптеген адамның жарақат алғаны білдірілді.

Жарылыс болған ғимараттың алдында аялдаған көліктердің көпшілігіне зиян келгені, азаматтық іздеу құтқару, өрт сөндіру және денсаулық сақтау топтарының аймаққа жіберілгені атап көрсетілді.

Жарылыс болған ғимараттың жанында бір мектеп пен Қарттар үйі бар екені айтылды.

Жергілікті баспасөзге қарағанда жарылысқа табиғи газдың себеп болғаны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар