Сомалидегі қастандықта үш кісі қаза тапты

Аудан әкімінің орынбасары қайтыс болды.

1566666
Сомалидегі қастандықта үш кісі қаза тапты

Сомалидің бас қаласы Могадишода бомбалы шабуыл болды.  Алғашқы анықтамаларға қарағанда үш кісі қаза тапты.

Шабуылда Гарасбалей аудан әкімінің орынбасары Али Жареренің көлігі нысанаға алынды.  Әкім орынбасары мен қасындағы екі кісі қаза тапты.

Жарылыстан кейін аймаққа қауіпсіздік күштері келіп жетті. Шабуыл туралы үкімет ресми хабарлама жарияламады.  Шабуылды да ешкім мойнына алмады.

Террорлық ұйым Еш –Шебаб Сомалиде жиі-жиі қауіпсіздік күштері мен азаматтық елді мекендерге бағыттап шабуыл жасайды.



Ұқсас жаңалықтар